Талас ауданында егіс көлемі 9% өскен

0 6

Талас ауданында ағымдағы жылы 13525 гектар алқапқа  ауылшаруашылығы дақылдары егілу жоспарланып, егіс көлемі 9% өскен, деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агпнттігі.

Барлық егістік жердің  85% игеріліп, күздік бидай 4800 гектар және бұрынғы жылдардағы көпжылдық шөп  4465 гектарды  құрап, 2720 га жер парға  дайындалған.

Ауданда көктем айларында 4260 гектар алқапқа жаздық ауыл шаруашылығы дақылдарын яғни, 1500 гектар жаздық    арпа, 480 гектар   дәндік   жүгері,   560 гектар    мақсары, 40 гектар күнбағыс, 130 гектар картоп, 300 гектар бақша, 200 гектар көкөніс, 130 гектар жерге қант қызылшасы және 1000 гектар көпжылдық шөп егу жоспарланған. Бірақ, егістіктердің ішінде тек қана қант қызылшасы 50 гектар жерге себіліп, 38% ғана орындалған.

— Орындалмау себебі, қызылша себетін шаруашылық өткен жылғы өткізген қант қызылшасының қаржысы толық алған жоқ және ол тамшылатып суару әдісімен егілуі тиіс еді. Яғни, қаржыға байланысты мүмкіндік болмай орындалмады. Себілмеген қант қызылшасының орнына жаздық арпа себілді. Жалпы жоспарланған егіс көлемі 100% орындалды, — деп түсіндірді аудан әкімі Б.Қазанбасов.

Аймақта 6300 мың гектар масақты дәнді дақылдар орылған. Әр гектардан орташа өнімділігі 18,5 центнерден өнім алынып, жалпы  11 мың  655 тонна өнім жиналған. Сонымен қатар мақсары дақылын жинау жұмыстары қыркүйек айының 10-15-не дейін ал, дәндік жүгері дақылдары қыркүйек, қазан айларында жиналады. Көкөніс, картоп, бақша дақылдарын жинау тамыз айынан басталып, қазан айына дейін жүргізіледі.

Сондай-ақ, ауданда картоп 80 гектарға егілі%, әр гектардан 250 центнерден 2000 тонна өнім алынып, жоспар 61,5% орындалып отыр. Ал, көкөніс 120 гектар егілген және 3360 тонна өнім алынып, жоспар 60% орвндалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.