Жолдау өзекті мәселелердің шешімін көрсетті

0 0

Жолдау өзекті мәселелердің шешімін көрсетті!

Бүгін 1 қыркүйек күні сағат 11:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялады.

Жолдауда қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайға жан-жақты, терең талдау жасалған және оны түбегейлі оңалту бағытында нақты міндеттер қойылды.
2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім өте құптарлық жәйт.

Президент ешқандай саланы назардан тыс қалдырмады. Көтерілген мәселелердің бәрі бүгінгі күнің өзекті мәселесі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Жолдауында маңызды салалардың бәрі қамтылды.
Жалпы, Мемлекет басшысының алдыңғы Жолдауы да көңілге қонымды болған. Бүгінгі Жолдау да әр қазақстандық үшін маңызды. Енді осыны жүзеге асыруда жауапкершілік танытуымыз керек.

Жолдау– үлкен стратегиялық маңызы бар құжат десек, оны орындауымыз керек. Президент әр сала бойынша не істеу керектігін айтып, көрсетіп берді. Оны жүзеге асыру әрқайсымызға байланысты.

Сарысу аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Болат Үсембаев, 

Leave A Reply

Your email address will not be published.