Жамбыл ауданында «Әкім сағаты» жобасы 10 мәрте өткізілді

0 21

Жамбыл ауданында «Әкім сағаты» жобасы 10 мәрте өткізіліп, тұрғындар 100-ге жуық жолдаған сауалдарына нақты жауап алуда, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Аудан әкімі Сакен Арубаев халықпен етене байланыс орнату, тұрғындардың сауалына жедел жауап беру мақсатында қолға алынған шарада «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» тақырыбында әңгіме өрбітіп, қараша халықтың сауалына тікелей эфир барысында жауап берді.

Аудан бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 1020 отбасы мүшесіне тағайындалып, толық төленген.

Ағымдағы жылдың 8 ай қорытындысы бойынша ауданда кепілдендірілген әлеуметтік топтамалармен 639 отбасындағы 1107 бала толығымен қамтылған.

Төтенше жағдайға байланысты азық-түлік топтамасы (2 АЕК 5567 теңге) 6276 адамға 149224,0 мың теңге төленген. Ал, тұрғын үй көмегі бойынша 102 отбасындағы 481 адамға 1377,0 мың теңге тағайындалып, 1192,0 мың теңге берілді.

Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша, 95 отбасындағы 100 балаға 2610,0 мың теңге көлемінде қаржы беріліп, жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек бойынша, 429 адамға 28031,0 мың теңге тағайындалды.

Аудан бойынша 2020 жылдың бірінші қыркүйегіне 2638 мүгедек жан тіркелген. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсету бойынша 2020 жылға жалпы 82806,0 мың теңге қаражат қарастырылып, оның ішінде 2020 жылға мүмкіндігі шектеулі азаматтарға міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жалпы 50732,0 мың теңге бөлінген. Ағымдағы жылдың бірінші қыркүйегіне 304 адам міндетті гигиеналық құралдармен және 97 адам компенсаторлық құралдармен қамтылды. Сондай-ақ, ымдау тілі мамандарының қызметі үшін ымдау тілі маманын қажет ететін 12 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 5542,0 мың теңге қаражат бөлініп, 2696,9 мың теңге игерілді. Жеке көмекшілердің қызметін қажет ететін 167 мүмкіндігі шектеулі азаматқа 26532,0 мың теңге қаражат бөлініп, 13972,7 мың теңге игерілді. Бұған ағымдағы жылға жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 6 нысанға 3 млн. 620 мың теңге қаражатқа бейімдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Сонымен қатар, ағымдағы жылға әлеуметтік жәрдем ақыларға 1 362859,0 мың теңге қаражат қарастырылып, оның ішінде:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 1 млн 273 791,0 мың теңге,
Республикалық бюджет трансферттері есебінен – 939 764,0 мың теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 216 335,0 мың, облыстық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 117 692,0 мың теңге.

Сондай-ақ, тұрғын үй жәрдемақысы – 1 400,0 мың теңге, жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмекке 37 116,0 мың теңге және мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге 5 631,0 мың теңге, ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын алуға әлеуметтік көмек – 35 021,0 мың теңге болып отыр.

Жалпы ауданда ресми жұмыссыз ретінде 1598 адам тіркелген. Жұмыспен қамтуға «Еңбек» бағдарламасына қатысуға 3580 адам өтініш білдіріп, оның ішінде 3306 адам жұмыспен қамтылды (92,3%)

2020 жылға мемлекеттік, салалық және өңірлік, аймақтық бағдарламалар арқылы ашылған тұрақты және уақытша жұмыс орындарына 3241 адам орналасты.
162 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданды.

Бағдарламаның II бағыты бойынша 95 адамға жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін шағын несие 95 адамға берілген. Несие алған азаматтардың есебінен қосымша 130 адамға жұмыс орындары ашылды. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 372 адамға грант қарастырылды.

III бағыт халықты жұмыспен қамтуға
«Жастар практикасы» бағдарламасына – 276 жас маман,
әлеуметтік жұмыс орындарына – 95 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға – 932 адам жолданып, тұрақты жұмыспен – 1 075 адам қамтылған.
Бұған қоса, бүгінгі күнге мүмкіндігі шектеулі 65 азамат жұмыспен камтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.