Жамбыл ауданында өндіріс орындарының ұлғаюымен қатар дала еңбеккерлерінің табыстары да көңілге қонымды. Егіншілікте 5,8 млрд. теңге, мал шаруашылығында 9,3 млрд. теңгені құрайды. Ал, қысы-жазы көкөніс өсіретін жылыжайлар көптеп бой көтеруде, деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Ауыл шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 15,1 млрд. құрап, 1,8 млрд. теңгеге өскен.
Мәселен, 6 елді мекендегі 33 жылыжай 1,32 га қызанақ, 3,3 га қияр, 0,3 га басқа да дақылдар еккен және 126 тонна қызанақ, 191 тонна қияр, 2 тонна басқа да дақылдар жиналған.
— «Казсушар» мекемесі жобасы шеңберінде «ПУИИД-2» (3,6 млрд. теңге) және «Европалық даму банкі» (7,4 млрд. теңге) арқылы 553 шақырымды құрайтын, 69 каналды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Осы каналдар 14 556 га алқапты суландырады деп күтілуде, — деді Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Қаланұлы.
Аудан әкімінің сөзіне сүйенсек, аймақта ғарыштық түсіріліммен игерусіз жатқан 3 327 га жер қорына алынып, 9 696 га конкурс арқылы қайта айналымға қосылған. Есепті кезеңде 246,8 млн. 64 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынған.