Жамбыл ауданында жиын-терін қыза түсті

0 5

Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев, орынбасары Ерлан Қыдыралыұлы мен аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайрат Темешбаев Жамбыл ауылдық округіне қарасты 200 гектар пияз алқабындағы жиын-терін науқанын көрді, деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Ен далаға үміт артып, ала жаздай маңдай терін жерге тамызған шаруалар үшін күз мезгілінде жиын-теріннің қыза түсетіні осы бір-екі ай. Алқапта 150-ге жуық шаруа адамдары жұмыс істеуде.

Жалпы округтің егістік көлемі 3400 гектарды құрайды. Оның 600 гектарына пияз, 1301 гектарына көпжылдық жоңышқа, 1100 гектарына арпа-бидай, 105 гектар бақша дақылдары, 90 гектарға майлы дақылдар, 165 гектарға қант қызылшасы орналастырылған. Назарыңызда бірқатар шаруа қожалығының егістігі. Гектарына 90-100 тоннадан өнім алып отыр, – деді ауыл әкімі Бахыт Садырбаев.

Мұнан соң аудан басшысы қызу еңбектің бел ортасында жүрген жергілікті тұрғындармен әңгімелесіп, қал-жағдайын, барыс-келістің жайын сұрады. Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қыдыралыұлы өнімнің сапасының жоғары болуына байланысты өткеруден ешқандай қиындық тумағанын жеткізген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.