Айшабибі ауылдық кітапханасы «Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана» номинациясын жеңіп алды

0 23

Жамбыл ауданы Айшабибі ауылдық кітапханасы «Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана» номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында ағымдағы жылдың 28-30 қыркүйек күні аралығында мəдениет жəне өнер қызметкерлерінің «Рухани қазына» республикалық фестивалі дәстүрлі түрде жалғасын тапты.

Елімізде жарияланған пандемияға байланысты онлайн түрде ұйымдастырылған шараға әр өңірдің кітапхана, музей, мәдениет үйлері мен клубтарының қызметкерлері және «Халықтық» атағы бар ұжымдар қатысып, өз бақтарын сынады.

Айтулы фестивальдің нəтижесінде, Нұр-Сұлтан қаласында марапаттау рәсімі ұйымдастырылып, жеңімпаздарға құрмет көрсетілді. Тағайындалған 50-ге жуық номинациядан әулиеаталықтар да құр қалмады.


Кітапхана меңгерушісі Сәуле Мусыралиева 1млн теңгенің сертификаты, жеңімпаз дипломы мен «Рухани қазына — 2020» статуэткасымен марапатталды.

Марапатты ҚР мәдениет және спорт министірі Ақтоты Райымқұлова табыс етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.