Сарысуда 487 адамға қайтарымсыз грант беру жоспарланған

0 5

Сарысуда жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру бойынша ағымдағы жылы 487 адамға қайтарымсыз грант беру жоспарланған, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Қаралған қаржы 265 324,0 мың теңге. Бүгінгі күнге 296 адам 158 753,0 мың теңге көлемінде грант алды.

Грант алғандардың ішінен 16 азамат мемлекеттік кірістер басқармасына жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп және 184 адам бірыңғай жиынтық төлем төлеу арқылы жұмыстарын жүргізуде. Қалған азаматтар қыркүйек айында алуына байланысты үш ай ішінде кірістер басқармасына немесе БЖТ аудару арқылы заңдастыратын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.