Сарысуда әйелдер арасында волейболдан ашық турнир өтті

0 18

Бүгін ҚР мұғалімдер күніне орай Сарысуда әйелдер арасында волейболдан аудандық ашық турнир өтті, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Тартысты өткен турнир нәтижесінде 3 орынды Жайылма ауылдық округінің командасы иеленді. Ал, жүлделі 2 орынды М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы жеңіп алды. Аталмыш турнирдің жеңімпазы «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің командасы атанды.

Барлығы 8 команда додаға түскен жарыс ҚР бас санитарының қаулысына сәйкес өткізілді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Сарысу ауланы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің тағайындаған арнайы кубоктармен, мадаль және грамоталармен марапатталды.

Аталмыш турнирге аудан әкімінің орынбасары Лаура Нұрмаханова да қатысты. Ал, жеке кәсіпкер Досбол Жылқыбаев демеушілік жасап, турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерін бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.