Жаңатас қаласында «Халыққа қызмет көрсету орталығы» алдында Сарысу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы мен Жаңатас қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 16 бос жұмыс орындары бойынша жәрмеңке өтті, деп жазады “ZhambylNews” АА.
Яғни, 14 бос жұмыс орын білім саласы, 2 мамандық дәнекерлеуші орын.
Жәрмеңкеге 2 мекеме өкілдері мен 2 кәсіпкер өкілдері қатысты. Нәтижесінде 18 адам жұмыссыз ретінде тіркелді.
Жеке кәсіпкер Шынайдар Ералиев өз иелігіндегі «Шах» кафесіне аспазшы, еден жуушы, әртүрлі саладағы жұмысшы (разнорабочий) керек екенін айтып тіркетті.