Сарысуда ұстаздар ұлықталды

0 0

Бүгін Сарысу ауданында мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын болып өтті. Мерекелік шараға қатысқан аудан басшысы Бақытжан Жақсылықов барша ұлағатты ұстаздарды құттықтап, марапаттады, деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

— Шәкірттерге білім беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын және тәлім мен тәрбие беретін ол ең алдымен – ұстаз. Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан ұстаздардың ата-анадан кейінгі атқарар рөлі де ерекше. Сондықтан, ұстаздар күні – орны бөлек, дәрежесі биік, ең ұлық та ұлағатты мереке. Ұлт болашағын қалыптастыруда уақытпен санаспай атқарған қажырлы еңбектеріңіз үшін Сіздерге, Ұстаздар, алғыс білдіремін,- деді аудан басшысы.

Салтанатты шарада шәкірт жолында талмай еңбек еткен ұстаздар облыс, аудан әкімінің, аудандық мәслихат пен “Нұр Отан” партиясы филиалының, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының және кәсіподақ комитетінің Грамотасымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.

Облыстық білім басқармасының 2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша орта білім беру ұйымдарының рейтингісі шығарылып, нәтижесінде аудан бойынша инновациялық режиміне 5 мектеп енгізілді. Рейтинг критерилері бойынша 3 жыл қатарынан инновациялық режимде жұмыс жасап келе жатқан М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясын,Ш.Уалиханов атындағы мектеп –гимназиясы, Б.Адамбаев атындағы тірек орта мектебін атап өтсек, шағын жинақты мектептер арасында Абай атындағы орта мектебі және негізгі мектептер арасынан Үшарал негізгі мектебін атауға болады. Мектеп рейтінгісінің қорытындысы бойынша «ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕКТЕП» сыйлықтары табыс етілді.

Сонымен қатар Жамбыл облыстық «Үздік педагог»-2020 байқауының жеңімпаздарына сертификаттар тапсырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.