Жаңатас қаласында волейболдан ұлдар арасында жазғы спартакиада өтті

0 2

Ағымдағы жылдың қазан айының 7-9 күндері аралығында Жаңатас қаласы Спорт кешенінде Жамбыл облысы ауыл жасөспірімдерінің волейболдан ұлдар арасында жазғы спартакиада ойындарының кезеңі өтті, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Волейбол спорт түрінен Жамбыл облысының 9 ауданының құрама командасы қатысты. 3 орын Талас ауданы, 2 орын Жуалы ауданы және Жамбыл облысының жеңімпазы Меркі ауданы атанды.

Жарыс ашық аспан астында өткізілді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан жас спортшылар жоғары деңгейде ойын нәтижелерін көрсетті.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Жамбыл облысы спорт басқармасының арнайы медаль және грамоталарымен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.