Бүгінгі күнде қаланың қысқы маусымға дайындығы ең өзекті мәселе. Осы орайда, Дүйсенәлі Борсықов Жаңатас қалалық қазандықтың жұмыс барысын тексерді, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Ағымдағы жылы 42 млн теңгеге қазандық ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, механикалық ғимарат бөлігіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 18 млн. теңге қаржы бөлінген. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.
Қала аумағындағы 6608 абонентке қызмет көрсету үшін қазандыққа қажетті 11480 тонна мазутты сатып алу жұмыстары жүргізілуде.