Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Мойынқұм ауданына сапары барысында бірқатар тапсырмалар берген болатын. Осыған орай аудандық орталық ауруханаға 1 реанимобильді автокөлік табысталды, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Тапсырма аясында облыстық бюджеттен 45 млн теңге бөлініп, медициналық барлық керек-жарақпен қамтамасыз етілген көлік алынды.
Автокөлік кілтін аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов табыстап, еліміздегі коронавирус пандемиясы кезінде қажыр қайратпен қызмет етіп жатқан дәрігерлерге ризашылығын білдірді.