«Nur Otan» партиясы Талас аудандық филиалының кезектен тыс XXVIII конференциясы өтті, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Конференция кезінде Мәслихаттың партиялық тізімі әзірленіп, облыстық мәслихаттың партиялық тізіміне үміткерлер анықталды. Сонымен қатар, ауданның сайлауалды бағдарламасы да бекітіліп, партияның Жамбыл облыстық филиалының XXVII конференциясына қатысуға делегаттар сайланды.
Талдау көрсеткендей, тізімдегі әйелдердің үлес саны 0-ден 31% -ке дейін, ал 35 жасқа дейінгі жастар — 0-ден 20% -ға дейін өскен.
Үміткерлердің орташа жасы 58-ден 52 жасқа дейін төмендеген. Қызметтегі депутаттардың ішінен 6 адам ғана жаңа тізімге енгізілген.
Тізімдегілердің көпшілігі – білім саласы- 38%, өндіріс саласы — 11%, мәдениет және спорт өкілдері- 8% және 23%-ы өзге саладағы азаматтарды құрайды.
Конференция барысында облыстық мәслихаттың партиялық тізіміне үміткерлер арасында пікірсайыстар өтті. 6 үміткердің ішінен партиялықтар «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы аудандық өкілдік квотасына сәйкес 3 үміткерді таңдады.
Жеке кәсіпкер Жумахан Танкебаев, «Бәйтерек» бөбекжай бақшасының меңгерушісі Ляззат Сейдалиева, Талас аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Мұратқали Отыншиев ең көп дауыс жинағандардың қатарында.
Партия Талас аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Бақыт Қазанбасовтың айтуынша, праймериз кезінде тұрғындардан түскен 116 ұсыныстың 64,7% Талас ауданының сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан.