“Жас маман” жобасы аймақтың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне үлкен қолдау болып отыр

0 18

Бүгін Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Садубаев Тараз сервис және технология колледжінде атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, деп жажады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Алмас Садубаев іссапар барысында «Жас маман» жобасы аясында алынған заманауи жабдықтармен танысты.

Сондай-ақ ол “Жас маман” жобасы аймақтың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне үлкен қолдау екенін атап өтіп, колледж мамандарына халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс жасау қажеттігін баяндады.

Айта кетейік, «Жас маман» жобасы аясында «WorldSkills» бойынша салалық құзыреттілік орталықтары ашылады. Жас маман жобасы еңбек нарығының сұранысын ескере отырып, кәсіби стандарттарға негізделген бағдарлама талаптарымен студенттердің кәсіби біліктілігі мен дағдылары сапалы дайындалған кадрларды шығаруға мүмкіндік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.