Әлеуметтік желі қолданушылары қарапайым математикалық есептің жауабын таба алмай, дал болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Zhambylnews.kz.
Twitter қолданушысы парақшасында қарапайым есеп жариялап, желідегілерді шатастырды. Олар дұрыс жауап бойынша ортақ шешімге келе алмады.
Адамдардан 6: 2 (1 + 2) есібінің жауабы қандай болатынын шешуді сұрады. Желі қолданушылары екіге бөлінді: кейбіреулері «9» деп жауап берді, ал басқалары — «1». Екі жақ та бір-бірін ақымақ деп атап, өзінің жауабы «жалғыз дұрыс шешім» болатынын жазып, тартысты.
«9» жауабын жазғандар теңдеуді келесідей шешуді ұсынды: алдымен жақшалардың ішіндегі сандарды есептеу (1+2=3), содан кейін нәтижені жақшаның алдындағы сандарды бөліп(6:2=3), екі нәтижені көбейту керек, сонда 3*3=9 шығады.
Екінші топ басқа жолын ұсынды: алдымен жақшаның ішіндегі сандарды қосып (1+2=3), содан кейін нәтижені жақшаның алдындағы санға көбейту (3*2=6), сосын нәтижені бөлу (6: 6=1) керек.
Бірнеше күн ішінде жазбаға 36 мыңнан астам пікір жазылды. Белсенді қолданушылар арасында мысалдың бір уақытта екі дұрыс жауабы болуы мүмкін екенін айтқан «бітімгерлер» де болды. Сондықтан, жалғыз дұрыс шешім табу үшін тапсырманы сәл өзгерту керек. Мысалы: (6 ÷ 2) (1 + 2) немесе 6 ÷ (2 (1 + 2).