«ЕвроХим» компаниясы даму үстінде

0 12

Жаңатас қаласындағы «Рудничная» теміржол станциясы мерейтойын атап өтті. 5 жыл бұрын «ЕвроХим» қазақстандық кәсіпорны өндірген алғаш фосфорит ұнтағы жүктелген вагон осы жерден аттанған еді, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Теміржол тасымалдау жолы мен Рудничная станция жобасының құрылуы тау-кен комплексінің соғылуымен қатар, 2013 жылы басталды. 2015 жылдың соңында монтажды-құрылыс және жол салу жұмыстары аяқталды. 2016 жылы фосфорит ұнтақ өндіретін кәсіпорын Белореченсктегі және Кингисеппедегі «ЕвроХим» кәсіпорындарына алғаш өнімін артып жіберді.

Тау-кен комплекстері жобамен жылына 640 мың тонна фосфорит ұнтағын шығарады. Қазіргі таңда станция штатында 21 маман жұмыс жасауда, алайда жаңа соғылып жатқан химкомплекспен тығыз қатынасы бар логистикалық инфрақұрылым дамыту жобалануда. Жаңатас станция-сымен «ЕвроХим-Қаратау» — Дегерес өндіріс станциясын жалғап өтетін жобалық құжаттар дайындалуда. Бұл өз кезегінде 2031 жылға қарай 3 827,94 мың тонналық дайын өнімнің логистикалық жүк тасымалдауын қамтамасыз етеді.

– Қыркүйек айында Белореченск станциясынан алғашқы жүк артылғанына бес жыл толды. Осы уақытқа дейін 2 млн. тоннадан астам фосфорит ұнтағы жүктеліп артылды. Пандемияға қарамастан, компания даму жолында, — «ЕвроХим-Қаратау» станция филиалының жетекшісі Руслан Байтұрсынов.

2015-2020 жылдар аралығында «ЕвроХим-Қаратау» өндірісінен 37 284 вагон жүк артылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.