Сарысу ауданы Жайылма ауылындағы «Ысқақ Пірәдар» мешітінде, имандылық, тәлім-тәрбие тұрғысында дәріс алатын шәкірттер арасында «Иманды ұрпақ — ұлт болашағы» атты қасиетті Құранды жатқа оқу, білу мақсатында байқау ұйымдастырылды, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.
Аталған жарысқа ауданның бас имамы Ғалымжан Қонақбаев арнайы қатысып, үздік шыққан шәкірттерді марапаттады.
Қатысушылардың баршасына бағалы сыйлықтар табысталып, арнайы грамоталармен марапатталды.