Пилоттық жобаның болашағы жарқын

0 7

Еліміз бойынша ең бірінші болып, аула маңын тиімді пайдалану Жамбыл облысында жүзеге асырыла басталғаны белгілі. Үкіметтің өзі қолдаған бұл жобаға қазір қазына қоржынынан тісті қажат бөлініп жатыр. Соның арқасында пилоттық жобаға кірген елді-мекендердің еңсесі көтеріліп келеді. Соның бірі Мойынқұм ауданына қарасты Кеңес ауылдық округі, — деп жазады «ZhambylNews» АА.

Кеңес ауылдық округіне қарасты Айдарлы ауылында 363 аула бар. Негізінен мал және егін шаруашылығымен айналысатын тұрғындар енді міне аула маңындағы жерлерін де тиімді пайдаланып, еңбектерін еселей түскен. Пилоттық жобаның бірінші бағытына қатысуға 345 аула тұрғыны өтінім берген.

Пилоттық жобаның 2-ші бағыты мал шаруашылығын дамытуға 368 мың теңге бөлініп, 1708 мал алыныпты. Қазір малды болып қалған 138 отбасы енді ет пен сүт өнімін өркендетуге өз үлестерін қосуда. Соның бірі 3 милион теңгеге ет бағытындағы 10 бұқа сатып алған Ержан Шынеев.

— Жоба әсіресе біз сияқты қарапайым тұрғындарға өте тиімді болды. Көктемде аталған қаржыға қол жеткізіп, осы бұқаларды сатып алдым. Күзден бері бордақылап жатырмын. Қазір желтоқсан айы басталды. Етке деген сұраныс жоғары. Жаңа жылдың қарсаңында сойып, өткеремін,-дейді Ержан Шынеев.

Пилотттық жобаның 3-ші бағыты бойынша «Айдарлы 2019» кооперативі құрылып, жұмысқа кіріскен. Негізінен мал және егін шаруашылығына ден қойып отырған кооперативтың келешегі кемел. Олар қазірдің өзінде 100 басқа арналған мал бордақылау алаңын салып, торкөз шығаратын станокты де іске қосыпты.

Жобаның 4-ші бағытына бөлінген 47 милион 700 мың теңгеге ауылшаруашылығына қажетті 11 техника мен тиісті құрал-саймандар сатылып алыныпты. Енді еңбектерін еселеп жатқан елді-мененнің әлеуметтік- эконмикалық жағдайлары да жақсары түсері анық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.