Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Мойынқұм ауданындағы Жамбыл мектеп-гимназиясының кітапхана ұжымы мен қазақ тілі пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Әлем таныған ұлы Абай» атты онлайн түрде өткізілген отбасылық байқаудың қорытынды кеші өтті, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.
Байқаудың басты мақсаты — қазақ әдебиетінің алтын діңгегі, ұлы ойшыл Абай шығарамаларын отбасылар арасында кеңінен насихаттау, оның шығармаларын жас ұрпақ бойына сіңдіріп, таныту болды.
Үш кезеңнен тұрған байқаудың бірінші кезеңі «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» хакім Абайдың шығармаларынан кемінде бір отбасы мүшесі бір өлеңін жатқа оқу, екінші кезеңде «Бар жазғаны даналық болып саналған» Абайдың қара сөздерінен кемінде бір отбасы мүшесі бір қара сөзін жатқа оқу болса, үшінші кезеңде «Көңілім әнді ұғады» атты номинация бойынша барлық отбасы мүшелері Абайдың әнін нақышына келтіре орындап, оны міндетті түрде бейне баян етіп түсіру керек болды.
Байқауға аудан бойынша 6 отбасы қатысты. Берері мол кеште байқауға қатысушылардыңүшінші кезең бойынша шырқаған әндерінің бейне роликтері арнайы слайд арқылы көрсетілді.
Мұнан соң, Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының директоры Нұртас Саурықов сөз сөйледі.
Отбасылық байқаудың қорытындысы бойынша үшінші орынды Сабыровтар отбасы, екінші орынды Әбдікерімовтер отбасы иеленсе, Жарылқасын отбасы бірінші орынды қанжығалады. Ал, Бас жүлде Іңкәрбековтер отбасына бұйырды. Сондай-ақ Шекербай мен Нұрбековтер отбасы арнайы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Шара соңында жоғарыда аталған барлық демеушілер байқауға қатысып, белсенділік танытқан барлық қатысушыларға жылы лебіздерін арнап, алдағы уақыттада өткізілетін мұндай маңызы зор шараларға қол ұшын созып, шама келгенше шарапаты мол істерге демеушілік таныта беретіндерін жеткізді.