Мойынқұм ауданына соңғы 3 жылда Ресей Федерациясынан 5009 бас ет бағытындағы қалмақ тұқымды мүйізді ірі қара әкелінген, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда әкелінген мал Мойынқұм өңіріне жерсініп, төлдеп шаруашылыққа көптеп кірістер әкелуде, дейді мамандар. Төрт-түліктің жерсінуі мен ауруға шалдықпауы тікелей мал дәрігерлерінің жұмысына қатысты. Бүгінде ет бағытындағы бұл ойсыл қара тұқымын арнайы мамандар бақылауға алған. Уақтылы екпе егіп, күз-қыс маусымына қарамай емдеу шаралары мен қора-жайға дизинфекциялық жұмыстар жүргізеді.
Осыған дейін аудандық ветеринария саласынын мамандары аудандағы бірқатар елді мекендерге барып, емдеу шараларын жүргізді. Аудандағы ветеринариялық станциясында 73 маман еңбек етеді.
Биылғы жылға Эпизоотияға қарсы ісшараларды жүргізуге бюджеттен 99 млн 812 мың теңге бөлініп, толықтай игеріліпті. Ауданда биылғы жылы аса қауіпті жұқпалы аурулар тіркелмеген, эпизоотиялық жағдай тұрақты.