Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықовтың төрағалығымен 1 шағын аудан тұрғындарымен кездесу өтті, -деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.
Кездесуге аудандық мәслихат хатшысы С.Бегеев, Сарысу ауданы АПБ-ң полиция подполковнигі А.Алметов және аудан әкімдігіне қарасты мекемелердің басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Жаңатас қаласының әкімі Д.Борсықов қала бойынша атқарылған жұмыстарды қысқаша баяндады. Тыңдалған есептің қорытындысы талқыланып, қала тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Қала тұрғыны Р.Елшібаева 1 шағын ауданда орналасқан жеке иелігіндегі ғимаратқа газ тартып беруін сұранды. Бұл мәселе бойынша қала әкімі Д.Борсықов ағымдағы жылы демеушілер есебінен ғимараттың бір подъездіне жөндеу жұмыстары жүргізілгенін жеткізді. Газ кіргізу мәселесі бойынша ЖШС «Лидер строй инженерик» компаниясы өкілімен жолықтыратынын айтты.
Бұдан кейін, Б.Мұқанқызы қала тұрғыны 1 шағын ауданы №3 үйдің алдына ойын алаңшасын салу мәселесін көтерді. Бұл мәселе бойынша аудан әкімі Б.Жақсылықов қазіргі таңда 16 балалар ойын алаңшасын салу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтып, келесі жылы да бұл жұмыстар жалғасын табатынын жеткізді.
Бұдан басқада Сарысу аудандық полиция бөлімінің полиция подполковнигі Асхат Алметов те тұрғындар тарапынан көтерілген бірқатар сауалдарға нақты жауаптар бере отырып, күндізгі уақыттарда көпқабатты үйде пәтер жөндеп мазаны алуда деген тұрғынға бекітілген уақыт аралығын айтып, Заң аясында талап пен тәртіп ережелерін түсіндіріп өтті.
Кездесуге келген тұрғындардың бірі А.Мустафаева 6 шағын ауданы №16 үйдің алдына ойын алаңшасын салуды сұрап, аудан басшысынан нақты жауап ала алды.
Қала тұрғыны Н.Садуақасова болса аудан әкімі мен қала әкімінің атқарған жұмыстарына ризашылығын білдірді.
Кездесу барысында әрбір тұрғынның мәселесі назардан тыс қаламады.
Олардың әрқайсына аудан әкімі нақты жауаптар бере отырып, ең көп сұралған баспана мәселесіне қатысты мемлекеттен берілетін пәтер тіркелген тізімге сәйкес берілетінін түсіндірді.
Аудан әкімі қала тұрғындарын коммуналдық қызметтердің (жылу,ауыз су, кәріз және тұрмыстық қалдықтарды шығару) төлемдерді уақытылы төлеуге шақырды.
Келесі жылы қала әкімдігіне тұрғындармен бірлесіп көппәтерлі үйлерді газбен қамтамасыз ету үшін ұйымдастыру жұмыстарды жүргізуді тапсырды.
Себебі алдағы жылы Жаңатас қаласына газ құбырын тарту аяқталып, ішкікварталдық жұмыстары жүргізілетін болатынын жеткізді. Осындай халықпен кездесулер Сарысу ауданында жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Есеп беру кездерінде ғана емес аудан әкімі Бақытжан Жақсылықовтың көппен тілдесу, елдің пікірін тыңдау, олардың арыз-шағымдарына құлақ асу басты мақсаттарының бірі десек те болады.