«Есіктен есікке» акциясы аясындағы үгіт насихат жұмыстарын Тұрар Рысқұлов аудандық мəслихат депутаттығына кандидаттар Қанатбек Арыстанбеков, Мереке Айнакулов, Мұратжан Мейманханов, Нұрдос Базаркулов және Бердихан Бабасов дамылсыз өткізуде, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.
Абай, Каменка, Құмарық ауылдарын, көшелерін аралап, əр тұрғындарға партия сайлауалды бағдарламасын, ондағы алдағы уақыттарда атқарылатын жұмыстарына жеке — жеке тоқтап, түсіндірді. «Өзгерістер жолы: Əр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламаның басты құндылығы да осыда екендігін айтып өтті.
— «Nur Otan» партиясы аймақтың заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында Интернет желісіне ауқымды қосылуды негізгі басымдықтардың бірі етіп қойды. Нәтижесінде, өңірдегі тұрғындардың 82 пайызы интернет желісіне қол жеткізе алады. Партияның ықпалымен алдағы 5 жылда кең жолақты интернетті пайдаланушылардың үлесі 25 пайызға дейін өседі. Оқушыларды қашықтықтан оқытуы режимі сақталған жағдайда жергілікті жерде әлеуметтік осал топтардың балалары компьютерлермен толық қамтамасыз етуге көңіл бөлінеді,- деді кандидаттар.
Сайлаушылардың ұсыныс тілектерін де назарға алуға түртіп алды. Үгіт насихат жұмысының соңында кандидаттар 10 қаңтар күні партия ға дауыс беріп, қолдауға шақырды.
«Nur Otan» партиясының Тұрар Рысқұлов аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді.