ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясы барысында «Сонымен қатар біз бала құқықтарын қорғау жөніндегі ауқымды мәселелерді шешуге тиіспіз. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалар арасындағы суицид пен буллингтің алдын алу үшін мемлекеттік бақылауды күшейтіп, тиімді тетіктерді қарастырған жөн» деп атап өтті.
Осы ретте, жас отбасы және үш перзенттің әкесі ретінде бала құқықтарын қорғау олардың қәуіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша айтқаны көңілге қонымды болғанына қуандым.
Отанымыздың ертеңі де, өркені де – бүгінгі ұрпақ. Сол ұрпақтың тәлімді де тәрбиелі болуы алдыңғы толқынның парызы мен қарызы десек, еш қателеспейміз. Бала құқығы мәселесі – ел саясатының маңызды бөлігі екені сөзсіз. Балалардың өмірі мен денсаулығына назар аударып отыру да осы тұрғыдан келгенде жауапты міндет деп есептеймін және қолдаймын.
Ақжан Ахмет,
Шақпақ ауылдық округі жастар ісі жөніндегі инспекторы