Аудан және ауыл әкімдерінің бірлескен 2020 жылғы қорытынды есептері жалғасуда. Мойынқұм ауданы, Шығанақ ауылдық округінің әкімі Ерік Үсенов халық алдында есеп берді, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Кездесуде окрокруг әкімі округтегі жыл ішінде атқарылған жұмыстарды баяндады. Бұдан соң аудан әкімі Мәден Мұсаев алдымен бүкіл әлемді дүрліктірген коронавирус инфекциясының аудандағы жағадайы туралы айтып, сақтық шараларын орындауға шақырды және 2020 жылы атқарылған жұмыстарды тілге тиек етті.
Кездесуде ауыл тұрғындары шағын райондағы ескі кәріз жүйесін жаңарту, интернет, қоқыс шығару, почта сынды мәселер көтерді. Көтерілген мәселелер бойынша аудан әкімі нақты жауаптар берді.
Сонымен қатар кездесуде аудандық полиция бөлімінің басшысы Жарас Тохабаев баяндама жасап, аудан байынша қылмыстың мән-жайы туралы анықтама берді
Айта кетейік, кездесу санитарлық талаптарды сақтай отырып өтті.