Шу ауданында кезекте тұрған 2523 азаматқа жыл соңына дейін жер телімі беріледі

0 14

Шу ауданында кезекте тұрған 5720 тұрғынның 2523-іне жыл соңына дейін жер телімін беру жоспарлануда. Бұл туралы аудан әкімі Нұржан Кәлендеров фейсбук парақшасында жазды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Бүгін өткен аудан әкімінің жеке қабылдауына 18 азамат келіп, өздерін толғандырып жүрген өзекті мәселелері мен өтініш-тілектерін жеткізді. Көтерілген сұрақтардың дені қабылдау барысында оң шешімін тапты.

Сауалдардың басым бөлігі тұрғын үймен қамтамасыз ету, жайылымдық жерлер мен әлеуметтік бағдарламаларға қатысты болды.

— Аудандағы өзекті мәселелердің бірі тұрғын үймен қамту. Бүгінде үй кезегінде 1429 азамат тіркелген. Аталған мәселені шешу үшін Шу қаласы «Жетісу» ықшам ауданындағы 80 пәтерлік 3 үйдің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, бюджеттік өтінім берілді. Аталған үйлердің құрылыс жұмыстарына қаржы бөлінген жағдайда кезекте тұрған 240 азаматтың тұрғын үй мәселесі шешілетін болады. Сонымен бірге жеке тұрғын үй салу үшін жер кезегіне 5720 азамат тіркелген. Биылғы жылдың соңына дейін кезектегі Шу қаласы, Төле би, Алға ауылдарынан жалпы саны 2523 азаматқа жер телімін беру жоспарланып отыр, -делінген жазбада.

Қабылдауға келген кейбір азаматтардың мәселелері зерделеуді қажет ететіндіктен, аудан әкімі тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.