Мойынқұмда «Жамбыл ата» зияткерлік сайысы өтті

0 24

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай  Мойынқұм ауданында Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясында зияткерлік сайысы ұйымдастырылды. Мақсат-Жамбыл Жабаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамытып, сөз өнерін қадірлей білуге дағдыландыру деп хабарлайды Zhambylnews AA

Зияткерлік сайыстың ашылуында сөз алған аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы, әділқазылар алқасының төрағасы  Жайдар Жазықбаев «XX ғасырдың Гомері», екі ғасырдың куәгері атанған  Жамбыл бабамыздың туған күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысушыларға сәттілік тілеп, сайыстың аудан орталығындағы қара шаңырақ саналатын, жарты ғасырдан астам тарихы бар Жамбыл ақынның есімі берілген мектеп-гимназияда өткенін жөн көргенін де тілге тиек етті.

Қазақтың жыр алыбы, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген ақынның 175 жылдық мерейтойына арналған сайысқа карантинге байланысты аудандағы 6 мектептің оқушылары қатысты. Олар 4 кезең бойынша бақ сынасты. Бірінші кезеңде әр команда өз топтарын таныстырса, жұмбақ жәшік кезеңінде жәшік ішіне жасырынған белгілі бір ақынның өміріне байланысты суреттерден сөйлем құрастырды. Дода кезеңінде Жамбыл ақынның өмірі мен шығармашылығынан бейнесұрақтар қойылса, айшықты сөздер алаңы кезеңінде берілген  тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашып беру бойынша сынға түсті. Нәтижесінде  бас жүлдені Жамбыл ауылындағы Абай атындағы орта мектебінің «Сұңқар» тобының оқушылары жеңіп алды. I-орынды Қылышбай ауылының Ә.Төлепбергенов атындағы орта мектебінің «Асыл арна» тобы, II –орынды Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының «Жамбыл жүйріктері» тобы, III-орынды М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің «Жарқын болашақтың өкілдері» тобы иеленді. Ал Амангелді,, Т.Рысқұлов атындағы тірек мектептерінің оқушылары «Алғыс хаттармен» марапатталды.

Іс-шараға мектеп директоры Н.Саурықов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Қалыбаев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Сатыбалдиев, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Несіпбаева, аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Қараева, аудандық

«Мойынқұм таңы» газетінің тілшісі А.Үмбетқұлова қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.