«Жасыл ел» – тұңғыш елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауы негізінде 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан кешенді бағдарлама.
Жастар – ұлт келешегі, қоғам айнасы. Оларға қарап ертеңгі күннің, болашақтағы қоғамның қандай болатынын болжаймыз. Сондықтан да олардың қызығушылығын қоғам игілігіне қарай бұру дұрыс дүние.
«Жасыл ел» еңбек жасағы жобасында Жаңатас қаласында да аудан жастары қаламызды гүлдендіру мен көгалдандыруға ат салысып келеді.
Жаңарған Жаңатасымыздың айнасы- тазалығында екенін ұмытпаған жөн. Ағымдағы жылдың 1- наурызынан бастап аудан тазалығына ат салысып келе жатқан жастарға рақмет, ары қарайда қала көрінісінің әдемілене түсуіне еңбек ете берсін деп тілейміз!
Сарысу ауданы