Меркі ауданына 300 доза вакцина тұрғындарға салынуда

0 0

Меркі ауданының орталық емханасында індеттің алдын алу мақсатында тұрғындар вакцина салдыруда. Бүгінгі таңда 80 адам вакцина қабылдап үлгерген, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Орталық емхана меңгерушісі Анель Мұхаеваның айтуынша аудандағы халықтың 60 пайызына вакцина салдыру жоспарланған.

Алғашқы кезекте медицина және әкімдіктер қызметкерлері, ұстаздар және полиция қызметкерлерін вакцинамен қамтылуда.

Айта кетсек, бұл індетпен күрес жолындағы шара – вакцинациялау аудан аумағында ерікті түрде жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.