Білім басқармасының басшысы «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын иеленген жамбылдық ұстаздарды құттықтады

0 2

Бүгін білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын иеленген жамбылдық ұстаздарды құттықтады, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі. 

Педагогикалық үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Жамбыл облысының үздік ұстаздары Мираш Бегілдаева және Айгүл Қалмаханова «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағымен марапатталды.

Айта кету керек, ел тарихында мұндай марапатпен педагогтар алғаш рет марапатталуда.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес тағайындалған мемлекеттік награданы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов табыс етті.

Мемлекеттік марапатқа ие болған Мираш Бегілдаева – облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының тарих пәнінің мұғалімі, бірқатар халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы, шәкірттері Ұлттық бірыңғай тестілеу сынынан жыл сайын жоғары нәтиже көрсетуде.

Ал Айгүл Қалмаханова — Жамбыл ауданындағы Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Үздік педагог-2019» республикалық байқауының жеңімпазы, «Әлем педагогы» байқауына іріктелген 10 мұғалімнің қатарына енген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.