Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев аудандағы «Жаңатас көлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болып, серіктестік директоры Хасен Молдабековпен тілдесті, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Серіктестік директоры 2000 жылдан бері жұмыстарын атқарып келе жатқан жоба туралы кеңінен түсіндіріп өтті.
Жобаның мақсаты: Халықты көлік (автобус) тасымалымен қамтамасыз ету. Қазірде мұнда 52 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
— Бүгінгі таңда бізде 33 автобус бар. Оның ішінде 32 автобус «Казфосфат» ЖШС жұмысшыларын тасиды, 1 автобус Жаңатас-Саудакент-Жайлаукөл бағытында қатынайды, — деді Хасен Молдабеков.
Аудан әкімі серіктестік жұмысына сәттілік тілеп, алда біргелікте жұмыс атқаруға шақырды.