Сарысу ауданының әкімі «Тараз-көлік жолы» ЖШС-інің жұмыс барысымен танысты

0 5

Марат Сұлтанғалиев автокөлік жолдарын жөндеу және құрылыс жүргізуге қажетті материалдар дайындайтын «Тараз-көлік жолы» ЖШС-інде болып, жұмыс барысымен танысты, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Зауытта құрылыс құмы, қиыршық тас, құм аралас қиыршық тастар, қиыршық тастың оңтайлы қоспасы және асфальт дайындалады. Қуаттылығы жылына 50 000 м³-ты құрайды. Серіктестік 35 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламасы аясында серіктестік С-185 асфальтбетон заводы және КСД-900 уақтау-сұрыптау қондырғысын электрмен қамтамасыз ету жұмыстары іске асырылған.

Зауыт маусымды жұмыс атқарады. 2020 жыл қорытындысымен 13 мың тоннадан аса өнім өндірген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.