Сарысу ауданының әкімі ардагерлер кеңесімен кездесті

0
31

Бүгін Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев аудандық және қалалық ардагерлер кеңесінің, қоғамдық кеңесінің, алқабилер кеңесінің төрағаларын қабылдады, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Қоғамда ардагерлердің араласпайтын саласы жоқ. Өйткені, аға буын өкілдерінің ақыл-кеңесі мен тәжірибелері бәріне қажет.

Тиісінше, бұл ауданның да ардагерлері жастарға тәрбие беру, ұлттық салт-дәстүрді насихаттауда талмай еңбек етуде.

«Қариясы бар елдің – қазынасы бар» деп қазақ ескіде өте жөн айтқан екен. Ардагер азаматтардың алтындай ақылы қашан да болашаққа бағдар бола алады.

Қабылдауда аймақ ардагерлерінің жағдайы мен кеңестің қоғам өміріндегі маңызы және коронавирус індетінен сақтану шаралары талқыланды.

Бүгінде аудандық ардагерлер кеңесі белсенді жұмыс істеуде. Ал, аудан аумағында коронавирус індетінің алдын алу шаралары жүйелі түрде іске асуда.

Бекітілген кестеге сәйкес халық көп шоғырланатын орындарда карантин режимінің шектеулерін түсіндіру жұмыстарымен қатар, залалсыздандыру шаралары іске асуда.

Сонымен қатар, карантин режимінің аудан экономикасына келтірген залалын жою мақсатында нақты шаралар іске асуда.

Кездесу соңында ардагерлеріміз өз ойларын ортаға салып, аудан басшысына ақ батасын беріп, жаңа қызметінде сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, әрқашанда ауданымыздың дамуы мен ішкі ахуал тұрақтылығын сақтауға бағытталған тың бастамаларға қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here