Сарысу ауданының әкімі Досбол ауылдық округіне іссапармен барды

0 10

Сарысу ауданына әкім болғанына апта толмаса да, Марат Сұлтанғалиев ауданның тыныс-тіршілігімен танысуды келген сәттен бастап жіберген болатын.  Бүгінде аудан орталығынан шалғайда жатқан округтерге атбасын бұрған аудан әкімінің сапары Досболда жалғасты. бастамасын көпшілік жақсы бағалауда, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі

Жұмыс сапары кезінде аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев Досбол ауылдық округінің әкіміне бірқатар тапсырмалар берді.

Шағалалы ауылына газ құбырын тарту жұмыстарын толық бақылауға алу, Досбол ауылдық клуб үйінің айналасына абаттандыру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Кездесуде Досбол ауылдық округінің Пернебек Алтынбеков аудан әкімінен Талас арнасы суының ауылдық округтегі жайылымдық, шабандық жерлеріне су жаю мәселесін ұлғайту юойынша су тоқтату кедергісінсалып беруді сұранды.

Үлкен Көкдала елдімекенінің тұрғыны Ғ.Бегулин Үлкен Көкдалада және Кіші Көкдала елдімекендердегі ұялы байланыстың жоқтығы және интернет мәселесінің қиындығы туралы сұраныс жасады.

Ауылдық округ тұрғыны Н.Молдабеков аудан әкімі М.Сұлтанғалиевтың тапсырмалары және ауыл тұрғындарының көтерген өтініштері бойынша жұмыстар атқаратынын айтып өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.