Жамбыл ауданында сақтық шаралары күшейтілді

0 9

Жамбыл ауданында 1 мониторингтік, 2 мобилдік, 30 мешіт індетті ауыздықтау мақсатында үздіксіз жұмыс жасауда. Бүгін аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев пен аудандық санитариялық-эмидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Әсел Сапахова «Айшабибі» бақылау-өткізу бекетінде болды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Онда сақтық шараларының орындалуына баса назар аударған сала басшылары арлы-берлі ағылған азаматтардың дене қызуын өлшеп, індет дерегі анықталмаған құжаттарына тексеріс жүргізіп отырған аталмыш басқарма мамандарының жұмысын тексерді.

– Жамбыл ауданында індетпен күресу, алдын алу, таралына жол бермеу мақсатында 2 мобильдік, 1 мониторингтік және 17 ауылдық округі әкімі аппаратының жанынан құрылған шұғыл топ мүшелері үздіксіз жұмыс жасауда. Олар сауда орталықтарына, азық-түлік дүкендері мен халық көп шоғырланатын орындарға жаднамалар таратып, түсіндіру жұмыстарына басымдылық беріп, ойын-сауықтан бас тарту керектігін жұртшылыққа ескертуде. Сонымен қатар, аудан аумағында орналасқан 30 мешітте дауыс ұлғайтқыштың көмегімен қараша халыққа сақтану ережелері тәулігіне бес мәрте хабарлануда. Ал, тәртіп сақшылары яғни, 17 ауылдық округтегі учаскелік полиция инспекторлары қызметтік көлігіндегі дыбыс көтермелеудің көмегімен көше бойымен жүріп өтіп, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды орындау, індетті ауыздықтаудың тәсілдерін айтуда. Бұдан бөлек Жамбыл ауданы әкімдігінің әлеуметтік желілері мен 17 ауылдық округтің парақшаларында инфографттар тұрақты жарияланса, жұқпалы дерттің ахуалы туралы 20-ға жуық тікелей эфир желі қолданушылар назарына ұсынылып, сауалдарға жауаптар берілді. Өздеріңіз көріп тұрғандай, бақылау бекетінде жағдай тұрақты. Азаматтар бетперде режимі мен арақашықтықты сақтаған, – деді Олжас Елебекұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.