Сарысуда дәрігерлерге құрмет көрсетілді

0 15

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні. Аталмыш күнге орай, Сарысу ауданында барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, денсаулық жанашырларына құрмет көрсетілді. Мерейлі мерекеде адам жанының арашасына айналған абзал жандар марапат төрінен көрінді,  — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Дәрігер – әлемдегі ең ізгі мамандықтың бірі.

Адам жанының арашасы болу өте ұқыптылықты талап ететіні әмбеге аян.

Сондықтан кәсіби мерекеге орай озық ісімен дараланған бірқатар медицина саласының және санитарлық эпидемиологиялық бақылау қызметкерлері марапатталды.

Оларды аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев құттықтап, сәттілік тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.