Сарысуда жас кәсіпкер қағаз майлық шығарумен айналысады

0 0

Сарысулық жеке кәсіпкер «Baitygan» Рамазан Байтуған бүгінде бизнесін жандандырып отыр. Байтуғановтар отбасының шағын цехы қағазды өңдеп, күніне 300-400 қаптама майлық қағаз шығарумен айналысады, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Осы орайда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың:

Жастарға қатысты келесі мәселе – жұмыспен қамту. Бұл әсіресе өңірлерде аса өзекті. Біз жұмыссыз жастарға жол сілтеп, бағыт-бағдар беруіміз керек. Олардың тұрақты кәсіп табуына көмектесуіміз қажет,-деп атап өткеніндей біздің Сарысу ауданында да жас та болса, кәсіпкерліктің кілтін тауып отырған азаматтар баршылық.

2020 жылдан бастап іске қосылған осы цехта аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев болып, кәсіпкермен тілдесті.

Жеке кәсіпкер қағаз майлық шығарудағы мақсаты мен одан түсер пайдасы, алдағы атқарылатын жобалары мен бүгінгі жұмыспен қамтып отырған азаматтар санын аудан басшысына таныстырып өтті.

 

Елімізде жас болса да бас болып, өз кәсібінің нәсібін көріп жатқан және көптеген еңбекпен қамтамасыз етіп отырған жаңашыл кәсіпкерлердің өсіп келе жатқаны қуантады.

Атақты неміс экономисі, профессор Иозиф Шумпетердің «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу» деген сөзі соның айғағындай.

Leave A Reply

Your email address will not be published.