Мойынқұм ауданында мемлекеттік қызметшілер екпе салдыруда

0 2

Вакцинация «Covid 19» вирустық инфекциясымен күрестің ең тиімді жолы болып табылады. Оындай ұстаныммен шалғай жатқан Мойынқұм ауданының мемлекеттік қызметшілері де ерікті түрде екпе алуда, — деп жазады «ZhambylNews» АА.

Мойынқұм ауданына вакциналаудың бірінші кезеңінде «Спутник V» екпесінің 200 данасы жеткізілген болатын. Оны медицина, білім саласының қызметкерлері салдырды. Ал екінші кезеңде 300 доза вакцина жеткізіліп, қазір оның 230 дозасы егілген. Екпе алғандардың қатарында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының полиция бөлімі жеке құрам қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер де бар. Солардың бірі- аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Несіпбаева.

— COVID 19» инфекциясымен күресудің бірден-бір жолы вакцина алу екендігін көпшілік тұрғындар түсіне бастады. Ақпараттаныру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Екінші этаппен жеткізілген вакцинаны алғашқылардың қатарында болып өзім де салдырдым. Ешқандай кері әсерлер байқалған жоқ, — дейді ол.

Бүгінде ауданда ерікті түрде екпе салдырушылардың қатары көбейген. Ауру жұқтырғандардың саны артқандықтан сақтық шаралары да күшейтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.