Жамбыл ауданында кіші футболдан қайырымдылық турнирі өтті

0 8

Жамбыл ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері мен ерікті жастардың ұйымдастыруымен «Отбасы – Отан тірегі» атты кіші футболдан қайырымдылық турнирі өтті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Өткен жылы Қаратөбе, Ақбұлым ауылдық округінде бастау алған игі іс әлемді әбігерге салған індеттің салдарынан шегірілген болатын.

Шәкен Ниязбеков ауылындағы ашық алаңда өткізілген турнирге 7 команда қатысып (ойынға қатысу жарнасы – 7000 тг), жүлде қорын ауылдағы көпбалалы ананың қажеттілігіне жұмсады. Азық-түлік себеттері мен керекті жабдықтарымен қамтамассыз еткен жастар алдағы аптада басқа да ауылдарға барып, сауапқа толы доданы жалғастырмақ ниетте.

– Бұл бастаманы алғаш орталық директоры Маханбет Рахымжанов ұсынған болатын. Ауыл-аймақта тұрмыстық деңгейі төмен, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға демеу болу мақсатында өткізіп келеміз. Демеушілік жасап, қолдау білдіретін азаматтар да бар. Мысалға аудан әкімі аппаратының аяқдопшылары мен мешіт жамағаты ылғи турнирге қолдау білдіріп отырады. Бұдан бөлек осы турнирді естіп-біліп қолғабыс етіп жатқан жандар да кездесуде. Осы сұхбатты пайдалана отырып, барша тұрғындарға жастардың бастамасына қолдау білдіріп, таразыда салмағы ауыр амалға үлес қоссаңыздар демекпін, – дейді орталық қызметкері Орынбасар Затыбеков.

Leave A Reply

Your email address will not be published.