Айнұр Тұрсынбаева Мойынқұм ауданының тұрғынына баспана алып берді

0 1

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева өзінің «Aidyn Nury» қайырымдылық қоры арқылы Мойынқұм ауылының тұрғыны жалғыз басты әке Б.Жүзбаевқа Мойынқұм ауылы, Желтоқсан көшесінен 5 бөлмелі жер үйді сатып алып, кілтін табыс етті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Айнұр Тұрсынбаева — Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылындағы Жамбыл мектеп гимназиясының білім алушысы, республика көлемінде қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастырып жүрген белсенді меценат.

Игілікті іс Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бағыты бойынша және «Жомарт түлек» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Б.Жүзбаев қазірге дейін 1 қыз, 2 ұлы мен 85 жасар екі көзі көрмейтін қарт анасымен бірге жалдамалы 1 бөлмелі пәтерде тұратын. Үйлі болған жанұя А.Тұрсынбаеваға деген ыстық алғыстарын айтуда.

Айта кететін жай, осы игі іске Жамбыл атындағы мектеп — гимназиясының директоры Н.Саурықовтың «Жомарт түлекке» жасаған ұсынысы арқау болған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.