Талас ауданындағы «TalasInvestmentCompany» ЖШС өз зауытының қуаттылығын 15 мың тоннадан 30 мың тоннаға дейін көтеру мақсатында жаңа цех құрылысын бастап кетті. Оның жалпы құны 25 миллиард теңгені құрайды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Ауданда өткен жылы өнеркәсіп өнімі 23 миллиард теңгені құрап, 100,2 пайызға өскен. Ал негізгі капиталға салынған инвестиция 19 миллиард теңгеге жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 1 миллиард 704 миллион теңгеге артқан.
Аудан әкімі Бақыт Қазанбасовтың айтуынша, мемлекеттік бағдарламалар мен жобарлар өз бағдарын тауып, кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп келеді. «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында 5 жоба іске асырылған. Оның құны 206 миллион теңгені құрайды. «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» құралы аясында 140 миллион теңгеге 2 жоба жүзеге асырылып отыр. Жалпы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында осы жылдары 196 миллион теңгені құрайтын 35 жоба құжаттары қаржы институттарына жолданып, оның бірсыпырасы өз нәтижесін тапқан.
Атап айтар болсақ, өткен жылы ауданда жалпы құны 3,7 миллиард теңгені құрайтын «Вин Пауер Сити» және «Вин Электрсити» ЖШС жел электр стансасын іске қосты. Оның жалпы қуаттылығы 9 мегават. Ал биыл «TalasInvestmentCompany» ЖШС өз зауытының қуаттылығын 15 мың тоннадан 30 мың тоннаға дейін көтеру мақсатында зауыт жаңа цех құрылысын бастап кетті. Оның жалпы құны 25 миллиард теңгені құрайды.