Талас ауданының 3 ауылы келер жылы көгілдір отынға қосылады

0 14

Биыл Ақкөл, Ақтөбе, Қызыләуіт елді мекендеріне газ құбырын тарту жұмыстары басталады. Оған 444 миллион теңге бағытталған. Бұдан бөлек ауданда биылға жоспарланған жұмыстар аз емес, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Аудан әкімі Бақыт Қазанбасовтың айтуынша, биыл Қаратау қаласындағы №3 шағын аудандағы №17 тұрғын қайта жаңғыртудан өткізу жоспарланған. Оған бюджеттен 373 миллион теңге қаралуда.

Сондай-ақ қаладағы Көктал су құбыры жүйесінің құрылысын аяқтауға 1 миллиард 716 миллион теңге бөлінген. Нысан биыл жыл соңына дейін тапсырылады деп күтілуде.

Бұдан бөлек, Ақкөл, Ақтөбе, Қызыләуіт елді мекендеріне газ құбырын тартуға 444 миллион теңге бағытталып, тұрғындар 2022 жылы көгілдір отынға қол жеткізбек.

Сонымен қатар биыл Тамды ауылындағы №1 және №2 каналдар 66 миллион теңгеге, Ақкөл ауылындағы Р-1 каналы 72 миллион теңгеге, Қызыләуіт ауылындағы Сейіт, Мешіт, Қызылқия, Маятас каналдары 7 миллион теңгеге жөнделетін болады.

Ал Үшарал ауылындағы құм көшкінін тоқтату үшін 32 миллион теңгеге сексеуіл егу жұмыстары қолға алынбақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.