Жамбыл облысында QazVac отандық вакцинасын салу басталды

0 7

Жамбыл облысында бүгіннен бастап халыққа QazVac отандық вакцинасын салу басталды. Күні кеше өңірге 2000 доза отандық вакцина жеткізілді, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Қазақстандық вакцинаның ғылыми атауы — QazCovid-in, оның тауарлық атауы – QazVac.

Вакцина инактивтендірілген, құтыдағы 1 дозалы, 0,5 мл-ден бұлшықет ішіне 2 рет 21 күн аралықпен жүргізіледі. Вакцина тоңазытқыштарда сақталады және барлық басқа вакциналар сияқты +2+8 градус температура режимінде термоконтейнерлерде тасымалданады. Отандық вакцинаның ерекшелігі – мұздатудың қажеті жоқ, яғни нөлдік параметрлері бар тоңазытқыш жабдықтар қажет емес.

Тараз, Шу қалаларының және 10 ауданның 20 емханасының барлық егу кабинеттерінде отандық вакцина бар және бүгіннен бастап егу жұмыстары басталды.

Бұдан басқа, облысқа 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап Спутник V вакцинасының барлығы 51300 дозасы жеткізілді. Облыста Спутник V вакцинасының 1 компонентімен — 33425 адам егілді, оның ішінде 21 күннен кейін 8504 адам вакцинаның 2 компонентін алды ( 25%). Вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер тіркелген жоқ. Бүгінгі күні облыстың барлық емханаларында 18 жастан асқан, қарсы көрсетілімдері жоқ адамдарға QazCovid-in отандық вакцинасымен және Спутник V вакцинасымен егулер жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.