Тұрар Рысқұлов ауданында 1700-ге жуық тұрғын екпе салдырған

0 4

Тұрар Рысқұлов ауданында 1700-ге жуық тұрғын екпе салдырған. Олардың қатарында дәрігерлер, мұғалімдер, құқық қорғау, жедел жәрдем, өрт сөндіру, балабақша, колледж, әскери, СЭС және әкімшілік қызметкерлері бар, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Бүгінде бүкіл әлемді жаулаған індеттің көзін жоюдың ең тиімді жолы – екпе алу. Осыны түсінген отандастарымыз ерікті түрде арнайы орталықтарға барып, екпе қабылдап жатыр. Айта кетейік, ақпан айынан бері еліміз бойынша 878 067 адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынған.

Ауданда қазіргі таңға дейін «Спутник V» ресейлік препаратын дәрігерлердің 458-і қабылдап үлгерсе, мұғалімдердің 546-сы аталмыш екпені салдырыпты. Бұл туралы аудандық орталық аурухананың эпидемиолог маманы Айдана Ниязбекова мәлімдеді.

Айдана Кенжебекқызының айтуы бойынша екпені кез келген тұрғын ерікті түрде қабылдай алады екен.

«Екпені ауданның әрбір азаматы қабылдай алады. Дейтұрғанмен, оны ең алдымен індетпен күресуде алдыңғы шепте жүрген азаматтар алғаны дұрыс. Осыған сәйкес бүгінгі күнге дейін дәрігерлер, мұғалімдер, құқық қорғау қызметкерлері вакцина алып үлгерді. Ал бүгінде жоспарға сәйкес мемлекеттік қызметкерлерге екпе егудеміз. Қуанышты жаңалықпен бөлісе кетейін. Күні кеше ауданымызға вакцинаның 650 дозасы тағы да жеткізілді. Олардың қатарында отандық «QazVac» вакцинасыда бар» – деп елімізде өндірілген препараттың бір бөлігі ауданға келгенін жеткізді.


Сондай-ақ екпені емлекеттік қызметкерлер алып жатыр. Олардың қатарында аудандық аумақтық сайлау комиссияның төрағасы Манарбек Әмреев, аудан әкімдігінің персоналды басқару бөлімінің бас инспекторы Ералы Әлібаев, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ақерке Жайлыбаева да бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.