Бесағаш ауылына 100 дана «Спутник — V» вакцинасы жеткізілді

0 30

Бүгінде Бесағаш ауылына 100 дана «Спутник — V» вакцинасы жеткізілген. Екпені алғашқылардың бірі болып ауыл әкімі Бейбіт Нигматуллаев салдыртты, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Қазір дүбірімен дүниені дүрліктірген коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны қайта артты. Індет талаптарына салғырт қараған жұртшылық ауруханаларға қайта ағылды. Дегенмен, індетті ауыздықтау үшін екпе ектірудің пайдасын халықаралық сараптаушылар дәлелдеп шықты. Осы орайда ауруханаларға вакциналар жеткізіліп, оны тұрғындар қабылдай бастады.

— Елге дерттің дендемеуі үшін екпе салдырудың маңызы орасан екенін айтпас бұрын өзімнен бастауды жөн көрдім. Дәрігерлерге рақмет, екпеден кейінгі нұсқаулықтарымен жіті таныстырды. Қазір жағдайым қалыпты. Барша азаматтарды екпе ектіруге шақырамын, — дейді Бейбіт Сұңғатұлы.

Расымен әкімнің бұл әрекетінен кейін екпе бөлмесіне халық қарасы көбейе бастаған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.