Меркі ауданындағы «Алкопищепром» зауыты спирттік өнімдерді өндіруді қайта қолға алмақ

0 20

Сарымолдаев ауылындағы «Алкопищепром» зауыты іске қосылмақ. Онда тəулігіне əр линиядан 5 — 5,5 мың бөтелке спирттік өнім шығарылса, көкөніс жəне жеміс-жидек цехында сағатына үш тонна көкөніс консервіленбек. Сондай-ақ зауыт басшысы алда жобалық құны 210 миллион теңгені құрайтын минералды су шығаратын желіні орналастырып іске қосуды жоспарлауда, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

2015 жылдан бері жұмысы тоқтап тұрған зауытты серіктестік таяуда қайта іске қоспақ ниетте.

Серіктестік директоры Рысбек Шокеновтың айтуынша, зауыт спирт пен спирттік ішімдіктің 35-тен астам түрін шығарады. Оның қондырғыларын Ресей, Германия, Туркия, Балгария мен Италия мемлекеттерінен алдырып орнатқан. Онда бес линия жұмыс атқарады. Тəулігіне əр линиядан 5 — 5,5 мың бөтелке спирттік өнім шығарылады. Бұл цехты серіктестік бірінші іске қоспақ.

Одан кейін көкөніс жəне жеміс-жидек цехын жұмыс істетпек. Бұл цех іске қосылғанда сағатына үш тонна көкөніс консервіленеді жеп жоспарлап отыр. Сондай-ақ зауыт басшысы алда жобалық құны 210 миллион теңгені құрайтын минералды су шығаратын желіні орналастырып іске қосуға ниетті.

Бұл зауытта жұмыс бабымен болған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Барлық құрал-жабдықтарыңды дайындап қойыпсыңдар. Мұндай зауыттың тоқтап тұрғаны мынадай уақытта жарамайды. Зауытты тез іске қосу керек», — деді.

Сөйтіп бұл жұмысты қадағалауды аудан əкімі Руслан Нұрсипатовқа тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.