Жаңатас қаласында әлеуметтік дүкен ашылды. Ашылу рәсіміне Сарысу ауданының әкімі М.Сұлтанғалиев арнайы қатысты, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік нысан барлық сақтық шараларын ұстана отырып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен келе жатқан Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында ашылды.
Бүгінгі күнге дейін төмендетілген бағадағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бұрыштары мен Жаңатас қаласының 1 шағын ауданда бір әлеуметтік дүкен қызмет етіп келген болатын.
«Әлеуметтік дүкеннің» негізгі мақсаты – бағаны тұрақтандыру, тұрмысы төмен және аз қамтамасыз етілген отбасыларына қолдау көрсету болып табылады.
Мереке құрметіне ашылып отырған жаңа дүкеннің іші кең, қажетті азық-түліктердің барлығы бар. Орналасуы жағдайы да халық үшін қолайлы.
Аудан әкімі осы істің басында жүрген жеке кәсіпкерге барша тұрғындар атынынан алғысын білдірді.