Жамбыл облысында биыл асар әдісімен 126 отбасы үйлі болады

0
23

Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте «Асарлатып үй салу» әлеуметтік осал топтарды үймен қамтамасыз ету жобасының жүзеге асырылуы туралы облыстық құрылыс басқармасы басшысының есебін тыңдалды. Тиісінше бірқатар сын-ескертпелерін айтылды, — деп жазады “ZhambylNews” АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқарма басшысы Ерлан Орынбаевтың ақпаратына сәйкес, аталған жоба аясында өткен жылы 99 үйдің жұмысы аяқталып, толықтай тиісті иелеріне тапсырылған және 21 құрылыс нысаны ағымдағы жылға өткен. Жоғарыда көрсетілген жұмыстарды жүзеге асыруға  «Арайстроймаркет-2003» ЖШС және «KUSTO.HELP» қоры ерекше атсалысқан.

Атап айтар болсақ, ағымдағы жыдың бірінші тоқсанында Жамбыл облысы Қордай ауданында бес үй, Т.Рысқұлов ауданында бір үй әлеуметтік осал отбасыларды қолдау мақсатында тапсырылған.

Сондай-ақ, басқарма басшысы ағымдағы жылы Жамбыл облысы бойынша 126 отбасыға қажетті қолдау көрсету жоспарланып отырғандығы, оның ішінде 99 үй салынып, 21 нысан қайта жөндеуден өтетіндігін және қосымша 9 тұрғын үйді сатып алуға тиісті қаражаттың да бөлініп қойғандығын баяндады.

Игі істе бекітілген кестеден Тараз қаласы мен Жуалы, Меркі, Сарысу, Талас, Мойынқұм, Байзақ және Жамбыл сияқты аудардың артта қалып отырғандығы да белгілі болды.

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев аудан әкімдері мен тиісті мекеме басшыларына қасиетті Рамазан айында жақсылық жасау жұмыстарын екі есе арттыруды тапсырып, аталған жұмыстың қарқынды түрде жүргізілуін қадағалауды, осылайша, өңірдегі әлеуметтік ахуалдың жақсаруына атсалысу қажеттігін қатаң ескертті.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here