Сарысуда 7 көпбалалы ана күміс алқа иесі атанды

0 1

Сарысуда 7 көпбалалы ана күміс алқа иесі атанды. Бүгін аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев осы көпбалалы аналарды қабылдады, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Сарысу ауданы бойынша бүгінгі таңда 1482 «алтын құрсақты» аналар бар, оның ішінде 641 ана «Алтын алқа» және 841 ана «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған.

Бүгінгі жүздесу сәтін пайдалана отырып, аудан басшысы әрбір отбасының ұйытқысы әрі берекесі болып отырған аналарды құттықтап, алғысын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.