Талас ауданында 166 гектар алқапқа су үнемдеу технологиясын енгізу жоспарлануда

0 3

Биыл аудан бойынша 166 гектарға су үнемдеу технологиясын енгізу жоспарланса, оның 136 гектары жаңбырлатып, 17 гектары тамшылатып суарылмақ, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Егін шаруашылығындағы маңызды мәселенің бірі – су үнемдеу технологиясын енгізу.

Аудан әкімінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ауданбек Ерубайдың айтуынша, аудан бойынша 166 гектарға су үнемдеу технологиясын енгізу жоспарланса, оның 136 гектары жаңбырлатып, 17 гектары тамшылатып суару технологиясын негізге алмақшы.
«Нұр-Дәулет» шаруа қожалығы 77 миллион теңгеге 106 гектар егістікке жаңбырлатып суару технологиясын енгізуді қолға алуда. Бүгінгі таңда қожалық «Меркі» несие серіктестігі» ЖШС арқылы 22 миллион теңге несие алып, жаңбырлатып суару қондырғысын және 11,3 миллион теңгеге 5 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алып, «Сусорғы» құрал-жабдықтарын алу үшін сатушы тараппен келісімшарт жасалып, алғашқы жарнасы төленіпті.

Бұдан бөлек, Бостандық ауылдық округіндегі «Жаңалық» шаруа қожалығы 30 гектарға жаңбырлатып суару технологиясын пайдалануды жоспарлауда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.